Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыдағы тұрғын үй кешенінде лифт үзіліп, бір адам көз жұмды

Қарағандыдағы салынып жатқан тұрғын үй кешенінде лифт үзіліп кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Патриот” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Бір жұмысшы қаза тауып, екіншісі ауруханаға жатқызылды. Оның жағдайы ауыр, Мақажанов атындағы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

"Салынып жатқан тұрғын үй кешені нысандарының бірінде болған оқиға бойынша "Абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір бірқатар сараптамалар тағайындалды. Мән-жай анықталып жатыр", – деді Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі “Патриот” басылымына.


"Мүшесін көрсеткен": Ақтауда жігіт лифтте екі жасөспірім қызға шабуыл жасады


Сонымен қатар еңбек инспекциясы жөніндегі департаменті де тергеу жүргізіп жатыр.

"Медина" тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болған жағдайға байланысты апаттың мән-жайы мен себептері анықталып жатқанын түсіндіреміз. Бұл іс қолданыстағы заңнама аясында тексеріледі", – деп хабарлады Қарағанды ​​облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, осыған дейін Астанада 46 жастағы әйелдің үстіне лифт жақтауындағы қабырға құлап кеткені туралы жазған едік.

Талқылау