Астанада 46 жастағы әйелдің үстіне лифт жақтауындағы қабырға құлады
Астанада тұрғын үй кешенінің бірінде әйелдің үстіне лифт жақтауындағы қабырға жабыны құлаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Аstanovka98 Telegram арнасы
Деректерге сүйенсек, оқиға "Бұқар Жырау" тұрғын үй кешенінде болған. Денсаулық сақтау басқармасында ақпаратты растады.
"27 қыркүйекте жедел медициналық жәрдем бригадасы 1978 жылы туған әйелді №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізді. Бейінді дәрігерлердің қарауынан кейін зардап шеккен адам мидың шайқалуымен (париетальды аймақтың жұмсақ тіндерінің көгеруімен) ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа, тұрақты", – деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
- Алматыдағы құрылысы ескірген сейсмология орталығын жөндеуге 175 миллион теңге жұмсалмақ
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан