Қазақ қызының жалаңаш суретін желіге жүктеген: Қарағандыдағы оқиғаға себеп болған түрік азаматы кешірім сұрады (видео)
Қарағандыдағы оқиғаға себеп болған түрік азаматы халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Полиметалл зауытының құрлысында жұмыс жасап жүрген түрік азаматы қазақ қызының жалаңаш суретін желіге жүктеген. Осылайша, қазақтардың ашуын келтіргенін мойындады егде жастағы азамат. Ол қазақстандықтардан кешірім сұрап, видеоүндеу жариялаған.
"Құрметті Жәйрем тұрғындары. Менің қылығымның соңы дауға ұласты. Бұндай іске барғаныма қатты өкінемін. Кешірімділікпен қарауларыңызды сұраймын. Мен қатты өкінемін. Жәйрем тұрғындары мен барша қазақстандықтардан кешірім сұраймын", - дейді ол.
12 тамыз күні Қарағанды облысы Жәйрем ауылындағы кен байыту орталығында түрік және қазақ азаматтарының арасында жанжал болып, адамдар дене жарақаттарын алған. Тұрмыстық кикілжіңнен туындаған жанжалға байланысты ҚР ҚК 293 бабы 3 бөлімі бойынша тергеу жұмыстары басталды.