Қарағандыда жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
Қарағандыда 27 наурызда таңертең пышақ жарақаттарын алған 27 жастағы қала тұрғынының мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

27 жастағы Анастасия Шевякова 5 наурызда жоғалып кетіп, одан бері хат-хабар болмаған.
Аталған фактіға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 26 жастағы күдіктіні анықтап ұстады. Күдікті 5 наурыз күні жанжал кезінде әйелге пышақпен дене жарақатын салып, қылмысын жасыру мақсатында мәйітті көміп кеткенін мойындады.
Күдікті уақытша ұстау абақтысында.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады