Қарағандыда жігіт сүйіктісіне гүл сатып аламын деп полицияға ұсталды
Қарағандыда жігіт сүйіктісіне жалған ақшаға гүл сатып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Қарағандыда криминалдық полиция қызметкерлері өтірік 20 мың теңгемен тауар алып жүрген 23 жастағы жігітті ұстады. Тәулік бойы жұмыс істейтін гүл сататын дүкеннің сатушысының шаршаңқы боп тұрғанын пайдаланып, алаяқ өтірік ақшаға гүл сатып алған. Гүл шоғын ол сүйіктісіне алған екен.
Сол күні ол жақын маңдағы асханада таңғы ас ішіп, 20 мыңдық өтірік ақшаны беріп, артылған соманы шынайы ақшаны өзіне алған.
Қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн