Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адам іздестіріліп жатыр (видео)
Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адамды полицейлер іздестіріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде ер адамның жедел жәрдем жүргізушісімен дөрекі сөйлесіп, кейін оны бірнеше рет ұрғаны түсірілген видео пайда болды. Кадрлардан ер адамның жедел жәрдем жүргізушісінің аулаға көлікті қойғанына көңілі толмайтынын айтқанын байқауға болады.
Жағдайға қатысты Қарағанды облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.
"Полицейлер жедел жәрдем жүргізушісіне дене жарақатын келтірген қарағандылық тұрғынды анықтады. Оны ұстау бойынша қажетті шаралар жүргізілуде. Бұзақылық әрекетпен денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда жедел жәрдем көлігін өткізбей қойған көлік жүргізушісі жауапқа тартылған болатын.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"