Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан күдіктіге қатысты сот тоқтатылды
Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан күдіктіге қатысты сот тоқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі KTK арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото видеодан алынды
Нұрболат Дәкебаевтың ісі қайта тергеуге жіберілген. Енді оған бұзақылық бабымен қатар, орта деңгейде жарақат келтіру бабы бойынша айып тағылады.
27 қаңтар күні түнде шақыртумен бір жасар балаға келген жедел жәрдем жүргізушісі мен күдіктінің арасында жанжал туған. Арты төбелеске ұласып, Төреғали Берікқалиұлы оңбай таяқ жеген еді. Кейін күдікті бой тасалап, бір аптадан кейін Қарағанды облысындағы қыстақтардың бірінен табылды.
Алғашында жәбірленуші Нұрболат Дәкебаевты кешіргенін айтқан. Бірақ сотта ол ойынан айнып, бес миллион теңге материалдық шығын талап етті. Оның үстіне қосымша медициналық сараптамадан өтіп, денсаулығына орта деңгейде зиян келгенін растаған. Сондықтан оның қорғаушылары бұзақылыққа тағы бір бап қосуды сұраған.
Онлайн режимде өтіп жатқан процесті уақытша тоқатқан судья істі прокуратураға жолдады.
“Әлихан Бөкейхан ауданының проукурорына іс қайтарылсын. Бұзықылық бабымен қозғалған іске қосымша адам денесіне орта деңгейдегі жарақат келтіру бабы қосылсын”, – дейді судья Бақтияр Ақанов.
Еске салсақ, жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан айыпталушы сотта өз әрекетін түсіндірді.