Қарағандыда ер адам жаяу жүргіншілер жолында оқушыны қағып кетті
Қарағанды облысы жол-көлік оқиғалары басқармасы қалада жеңіл автокөлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолында оқушыны басып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
2024 жылдың 6 ақпан күні сағат 08:00 шамасында Toyota жол талғамайтын көлігін басқарған 51 жастағы жүргізуші Аманжолов көшесімен келе жатқан. Алайда жол қозғаласы қауіпсіздігін сақтамаған жүргізуші, жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан 12 жастағы оқушыны қағып кетті.
"Ауыр жарақат алған оқушы ауруханада көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды", – делінген Қарағанды облысы полиция департаментінің хабарламасында.
Еске салайық, 2024 жылы 19 қаңтарда Алматы облысында 9-сынып оқушысы 14 жастағы қызды көлікпен қағып кеткен еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”