Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шемішке шағып, телефонмен сөйлесіп отырған": Қарағандыда әйелді қағып өлтірген жүргізушіге үкім шығарылды

Қарағандыда жаяу жүргіншілер өткелінде зейнеткерді қағып кеткен автобус жүргізушісіне үкім шықты. Бұл туралы Stan.kz апарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

сот

Ол екі жылға бас бостандығынан айырылған: айыпталушы жазасын қоныс колониясында өтейді. Ал автопарк марқұмның жалғыз қызына 10 миллион теңге төлеуі керек. Бірақ ол үкіммен мүлдем келіспейді екен.

2020 жылдың 29 қаңтарына Камила Каледина немересін мектепке апара жатқан. Бағдаршамның жасыл түсінде өтпек болған оны автобус соғып кетеді. Әйел комаға түсіп, 4 күннен кейін көз жұмған.

Прокурордың сөзінше, оқиға болған кезде жүргізуші шемішке шағып, телефонмен сөйлесіп отырған, соққан кезде құлаққап тағып келе жатқандықтан жаяу жүргіншілер жолын байқамаған. 

"Оның алдында екі бағдаршам болды. Мұның бәрін сараптама дәлелдеп берді. Ол зуылдап өтпекші болған, қарапайым ережені білмейді ме? Кінәлі азамат - Өзбекстан азаматы, бұрын сотталған. Ол Алматыда "Олимп" букмекерлік компаниясын тонаған, қару қолданған", - деді марқұмның қызы Қарлығаш Ахметқалиева.

Бұдан басқа, Сабыр Тұрсынқұлов бұған дейін бірнеше рет жол апатына себеп болған. Ол жарты жылға жүргізуші куәлігінен айырылған екен. 

Марқұмның қызы кінәліні 5 жылға бас бостандығынан айыруды, ал прокурор 2,5 жылды сұраған. 

Қыздың айтуынша, анасы көз жұмғаннан бері кінәлі бірде бір рет кешірім сұрамаған. Ал автопарктен кешірім ретінде 1,5 млн теңге ұсынылыпты. 

"Сотқа дейін оған қажетті көмек көрсетілген. Кешірім сұрадық, осы сома ұсынылды... Бірақ ол бізді елемеді", - деді №3 автопарктің өкілі Лариса Четрикова.

Жүргізуші Сабыр Тұрсынқұлов екі баласы бар екенін, жақында үшіншісі өмірге келетінін айтты. Марқұмның туыстарына беретін ақшасы жоқ екен, дегенмен ол кінәсін мойындап отыр. 

"Қамауға алған кезде менде күйзеліс болды, телефонмен сөйлескен кезде эмоцияға ерік бергендіктен кешірім сұрамадым. Түсініп отырмын, менің кінәм. Жазамды өтеп шыққан соң қолдан келгенше көмектесемін", - деді  Сабыр Тұрсынқұлов. 

Қарлығаштың ойынша, екі жыл бақтыға жабу жазасы жеткілікті шара емес. 

Оның айтуынша, анасы тірі кезінде сотталушы да, оның туыстары да бірде бір рет келмеген. 

Талқылау