Қарағандыда тұрғын үйде жарылыс болды: Тұрғындар газ баллонын пайдаланған
Қарағанды қаласында тұрғын үйдегі жылыту бу қазандығы жарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ТЖД
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға түнгі сағат 03:30-да болды.
"Салдарынан тұрғын үйдің құрылыс конструкциялары бұзылған. Өртке қарсы қызмет келгенге дейін №2 пәтерден 5 адам, оның ішінде 2 бала өз бетімен шықты", - деп жазылған хабарламада.
ТЖД қызметкерлері үйінді астынан ер адамды шығарып, медициналық жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Фото: ТЖД
Өртті жоюға ТЖД, Апаттар медицина орталығынан, полиция қызметінен 45 адам, 13 бірлік техника жұмылдырылды.
Оқиға болған жерді тексеру нәтижесінде бір пәтерде тұрмыстық газ баллоны пайдаланылғаны анықталды.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда