Қарағандыда тергеу изоляторына есірткіні құрманың ішіне салып өткізбек болған
Қарағандыда уақытша ұстау изоляторында 32 жастағы күдіктіге арналған сәлемдемені тексеру кезінде құрмадан есірткі табылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ер адам алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Азық-түлік салынған пакетті тексеру барысында 6 құрманың ішінен қара түсті бумалар анықталған.
Сәлемдемені қаланың 28 жастағы тұрғыны берген. Қазір аталған дерек тіркеліп, тергеу жүріп жатыр.
Қарағанды облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мекеме аумағына тыйым салынған затты өткізу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салып өтті.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар