Қарағандыда секс-притонға қыздарды кастинг арқылы іріктеген
Қарағандыда массаж салоны деген жалаумен секс-притон жұмыс істегені анықталды. Интимдік бизнесті ұйымдастырушылар қызметкерлердің мұқият таңдалғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме беріп.

Нәтижесінде массаж жасауға ғана емес, жыныстық қызмет көрсетуге де келіскендер қалған. Клиенттерді әртүрлі бағдарламамен тартқан.
Тексеріс кезінде притонның әкімшісі, мекеме иесі және 18 жастан 37 жасқа дейінгі сегіз "массажист" ұсталды.
“Қарағанды қаласында ұзақ уақыт бойы рөлдерді бөліп, қылмыстық кәсіпкерлікпен айналысқан тұлғалар анықталды. Қылмыскерлер әлеуметтік желілерге қыздарды жұмысқа алатыны туралы хабарландырулар жариялаған. Жоғары жалақы ұсынып, тура жолдан тайдырған”, – деді Қарағанды облысы ПД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Азамат Сыздыбеков.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды