Қарағандыда саяси белсендіні атып өлтірді деген күдіктілерді судья ақтап шықты
Қарағандыда саяси белсенді Ғалы Бақтыбаевты мылтықпен атып өлтірді деген күдіктілерге қатысты сот үкімі шықты. Судья айыпталғандардың бәрін ақтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Ғалы Бақтыбаев
Алқа билер соты күдіктілерді кінәлі деп танитындай дәлел таппаған соң, судья осындай шешім қабылдаған.
Алайда екі күдіктіні заңсыз қару сақтағаны үшін және марқұмның денсаулығына зиян келтірді деп 3-жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырды.
Бұған дейін прокурорлар қамауда отырған төрт күдіктіге 20-дан 25 жылға дейін беруді сұраған еді. Ал айыпталушылардың жақындары онымен келіспей, бірнеше күн бұрын сот ғимаратының алдында жиналған.
Айта кетейік, осыдан тура бір жыл бұрын 59 жастағы Ғалы Бақтыбаевты Жаңаарқа ауданындағы үйінде белгісіз біреулер басынан атып өлтірген еді. Полицейлер үш айдан кейін марқұмның күйеу баласымен бірге үш ауылдасын күдікті ретінде қамауға алған.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық