Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Белсенді Ғалы Бақтыбаевтың өлімі: күдікті ретінде полицей ұсталды

ІІМ мен Қарағанды облысы полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері Жаңаарқа ауданының тұрғыны Ғалы Бақтыбаевтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

күдікті

Оны ағымдағы жылдың мамыр айының соңында Атасу кентіндегі өз үйінің ауласынан атыс қаруынан атылған оқтан жарақаттанып жатқан жерінен тауып алған болатын.

"Аса ауыр қылмысты ашу үшін ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша ІІМ криминалдық полиция және облыстық полиция департаментінің тәжірибелі қызметкерлері қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды", - делінген хабарламада. 

Тергеу барысында жедел уәкілдер жәбірленушінің үйінен алынған құжаттарды зерделеп, қаза болған адамның түрлі мемлекеттік органға бірнеше рет шағымданғанын анықтады. Өлімнің түрлі себебі тексерілді. Тиісті сараптамалар жүргізілді.

"Жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері төрт жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Олардың үшеуі бұрын сотталған және біреуі бұрынғы полиция қызметкері", - деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер. 

Ұсталғандар кісі өлімі жеке келіспеушілік салдарынан болғанын мойындап, түсініктеме берді.

Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Айғақты зат ретінде қару тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Еліміздің үш облысында қатты жел соғып, найзағай ойнайды

Кейбір облыстарда ауа райы бұзылады

Қарағандыда әйелімен ұрсып қалғаны үшін 2 жасар қызының мойнына пышақ кезеген ер адам сотталды

Күйеуі қашып кеткен әйелін қайтару үшін қызын кепілге алған

Жамбылда төрт адам Сібір жарасын жұқтырған

Мал дәрігерлері кеселдің қайдан келгенін білмей жатыр

Медициналық сақтандыру: Енді жұмысшы жалақысынан 1 пайыз, жұмыс беруші 2 пайыз қаражат аударып отырады

Қай аурухана немесе емханада адам көп емделсе, соған қордан қаржы көбірек аударылады

"Олар не кеңес айтады" Досхан Жолжақсынов әкімнің кеңесшісі болған Мейрамбек Бесбаев пен Қыдырәлі Болмановты сынады

Актер: Бұл биліктің осалдығы

Тоқтар Төлешовтен 1,2 млрд теңге мемлекет пайдасына өндірілді

Бұл сома сот үкімін орындау аясында бюджетке түсті

Кей өңірде дауыл соғады: Алдағы күндердің ауа райы болжамы

Еліміздің үш аймағында дауылды ескерту жарияланды

Дәрігерлер көз жұматынын айтқан: Аз өмірі қалғанын естіген күйеу жігіт үйленуге асықты

Дәрігерлер жігітке екі жылдан кейін көз жұматынын айтты

«Тағдырдың сынағы болар, еш өкпем жоқ...»: Жанар Хамитованың өмірі (видео)

Әнші: 30 жасыма дейін өзіме 20 рет қол жұмсамақшы болдым

"30 жасыма дейін 20 рет өзіме қол салуға ұмтылдым": Марқұм Жанар Хамитова сұхбаттарында не айтты?

Әнші: "Бұл өмірде ештеңе бекерден бекер болмайды екен"
Çàãðóçêà...