Қарағандыда полиция қызметкері итті таяқпен ұрып-соққан (видео)
Қарағандыда полиция қызметкері итті таяқпен ұрып-соққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
10 қазан күні Майқұдықта болған оқиғаның видеосын еріктілер әлеуметтік желіде жариялаған. Кадирлардан полицейдің итті таяқпен ұрып, артынан бұрышты баллон шашқанын көруге болады.
Осылайша полицей тұрғындарды “қабаған жануардан” қорғамақ болыпты.
- Қазақстанда жануарларға жасалған қатыгездік үшін 583 мың теңгеге дейін айыппұл салынады
- Қазақстандықтар ит пен мысықтың етін жегені үшін жазаланатын болады
Қарағанды облысының полиция департаменті шағымды қызметкердің көршілері түсіргенін жеткізді. Айтуларынша, итті еріктілерге берген. Алайда жануарларды қорғаушылар бұл мәліметті теріске шығарып отыр. Олардың хабарлауынша, итті гаражда байлаулы тұрған күйінде, түрлі дене жарақаттарымен тауып алған.
Айта кетсек, өткен аптада мәжілісте "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" жаңа заң жобасы қабылданған болатын.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”