AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар ит пен мысықтың етін жегені үшін жазаланатын болады

Қазақстанда мысықтар, иттер, атжалмандар және басқа да үй жануарларының етін жеуге заң жүзінде тыйым салынады. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 

"Біз осы тізімнің жобасын әзірледік, оған үйде асырауға болатын барлық дәстүрлі үй жануары енген. Қазіргі уақытта үй жануарлары ретінде ұсталатын жануарлардың негізгі классикалық тізімі – ит, мысық, тотықұс, алақоржын (хомяк), ақ тышқандар", - деді Шалабекова брифингте.

Үй ішінде асырауға болатын жануарлардың етін жеу жануарларды қинап өлтіру қылмысымен теңестіріледі.

Жаңа түзетулерге сәйкес, мұндай қылмыс 200 АЕК-ке дейін немесе 583 400 теңгеге дейін айыппұл салуды және 50 күнге бостандықты шектеуді көздейді.

Ал бүгінде 120 АЕК-ке дейін айыппұл салынады немесе 30 тәулікке дейін қамауға алынады.

БАҚ өкілдері енгізілген нормаларды бұзғандарды қалай қадағалайтындарын сұрады. Вице-министрдің айтуынша, бақылау жануарларды асырайтын орталықтар мен көршілеріне қалдырылады. 

"Егер азамат жануарларды асырау орындарынан ит-мысықтарды алатын болса, онда орталық бұл жануарларды қалай бағып жатқанын үнемі бақылай алады. Сатып алынған немесе сыйға тартылған жануарларға келетін болсақ, менің ойымша, бұл жерде көршілеріне жауапкершілік артылады. Яғни иесі мен шығып жүрген иттің кенеттен жоғалып кеткенін байқаса және оған шара қолданылмаса көршілері хабар бере алады", – деп жауап берді ол.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр