AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жануарларға жасалған қатыгездік үшін 583 мың теңгеге дейін айыппұл салынады

"Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" жаңа заң жобасында жануарға қатыгездік танытқандарға 583 мың теңге айыппұл қарастырылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Вице-министрдің айтуынша, жаңа заң жобасын қабылдаудың мақсаты – жануарларға адамгершілікпен қарауды құқықтық реттеу, оларға мейіріммен қарау.

Жаңа заң жобасында мыналар қарастырылған:

- мемлекеттік органдардың жануарларға қатынас пен оларды реттеу саласындағы өкілеттіліктерін бөлу;

- жануарларды ұстауға және тасымалдауға, сондай-ақ өсіруге және ветеринариялық қызмет көрсетуге қойылатын жалпы талаптар;

- жануарларға қатыгездік танытқан жағдайларды насихаттауға тыйым салу.

Сонымен қатар Әлия Шалабекова жекелеген санаттағы жануарларды мәдени және ойын-сауық мақсатта, эксперименттік (зертханалық), қызметтік, үй жағдайында ұстау және қараусыз, қаңғыбас жануарларға қарау кезінде қойылатын талаптар анықталғанын атап өтті.

Қоғамдық бақылау үшін мұндай жағдайға немқұрайлы қарамайтын азаматтар мен қоғамдық ұйымдар жануарларды емдеу саласындағы "қоғамдық инспекторлар" ұғымын енгізуді ұсынады. Неғұрлым егжей-тегжейлі тәртіпті уәкілетті орган айқындайтын болады.

 "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасында жануардың өмірі, денсаулығы және жағдайы үшін иесінің жеке жауапкершілігі көзделген. Нақтырақ айтқанда, жануарларға қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ қатыгездікпен қарағандар әкімшілік жазаға тартылады.

Ал жануардың өліміне әкеп соққан құқық бұзушылық үшін жаза 120-дан 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Мұндай қайталанған кезде айыппұл көлемі 1000 АЕК-ке дейін жетеді немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. 

"Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасын  қабылдау Қазақстанның прогрессивті, заманауи мемлекет ретіндегі имиджін нығайтады, барлық тіршілік иелеріне адамгершілікпен қарауға мүмкіндік береді. Үй жануарларына қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алады, сондай-ақ жануарларға қатысты жағымсыз көріністерге тосқауыл қояды", – деді Әлия Шалабекова.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр