Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда нағашысы жиеніне ішімдік ішкізген: 9 жасар бала бұдан кейін терезеден құлап кетті

Қарағанды облысы сотының баспасөз қызметі қалада ер адам қамқорлығындағы 9 жасар жиеніне ішімдік бергеннен кейін ол төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: depositphotos.com

Облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған баланы мас күйіне жеткізген адамға қатысты "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстің 131-бабында көзделген іс қаралған.

Іс материалдарына сәйкес 2024 жылдың 5 қаңтарында сағат 23.00 шамасында азамат З., кәмелетке толмаған 2014 жылы туған П.-ның қамқоршысы бола тұра, қызының үйінде қонақта отырып алкогольдік ішімдік ішу кезінде жиені П.-ны алкогольдік масаң күйге келтірген.

Алкогольді ішу салдарынан кәмелетке толмаған П., 4-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен.



Абырой болғанда, бала үйілген қардың үстіне түскен. Жедел жәрдем келген соң бала ауруханаға жатқызылған. Бүгінде ауруханадан шыққан.

Құқық бұзушы З. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстің 131-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолданылды.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысындағы Ақши ауылында "Арақсыз ауыл" жобасы жүзеге аса бастағанын жаздық. Бұл бастаманы ақсақалдар кеңесі, полицейлер мен мемлекеттік қызметкерлер көтерген. 

Талқылау