Қарағандыда мектеп басшылығы оқушыны "ұрған" мұғалімді ақтады
Қарағандыда орта мектептердің бірінде 13 жасар оқушының анасы "баламды ұрды" деп айып таққан мұғалім ақталды. Оқу орнында орнатылған бейнекамерадағы жазба дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жасөспірімге қол көтермегенін көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

"Баланың анасы, полиция және мектеп басшылығы мектептің спортзалында орнатылған бейнекамераның жазбаларын бірге қарап шықты. Видеода зорлық-зомбылық фактілері жоқ. Бейнебақылау камерасындағы жазба дене шынықтыру мұғалімінің балаға қол көтеру фактісі болмағанын көрсетті. Баланың анасы жағдайды түсінбегенін айтып, тексерілмеген ақпаратты жария етуге асыққаны үшін кешірім сұрады. №34 мектеп ғимаратында педагогтердің, учаскелік полиция инспекторларының және 7-сынып оқушысының анасының қатысуымен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кеңес өткізілді. Тексеру аяқталды", – деп мәлімдеді Қарағанды қаласының білім бөлімі.
Дене шынықтыру мұғалімі жалған айып тағылғаны үшін баланың анасынан әлеуметтік желіде кешірім сұрауын немесе моральдік шығын талап ете ме, жоқ па – әзірге белгісіз.
Қазақстанда баланы ұрған ұстаздар мен тәрбиешілер түрмеге тоғытылуы мүмкін
Қазақстанда 2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар қалай өзгереді?