Қарағандыда құдықтан адам қаңқасы табылды
Қарағандыда жұмысшылар құдықтан адам қаңқасын тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Жол жөндеу жұмытары барысында қаланың орталық көшелерінің бірінде орналасқан құдықтан жұмысшылар шіруге айналған адам сүйегін алып шыққан.
Ұзақ уақыт бойы жатып қалған адамның әуелі жақ сүйегі табылыпты. Полиция шақырып, құдықты тереңірек қазағаннан кейін, адамның кеуде, қол-аяқ сүйектері шыққан.
Мамандар қаңқа қалдықтарының жол астында жатқанына кемі 10 жыл болған деп топшылайды. Полиция сүйектерді сараптамаға жөнелтіп, тергеу жұмыстарын бастады.
Сүйекті тауып алған жұмысшылардың бірі Владимир Макеев тағы да ұсақ сүйектерінің шығып жатқанын айтады.
"Сүйектер кеше табылған. Көп бөлігін полицияға шығарып бердік. Бүгін тағы қалған ұсақ сүйектері шығып жатыр. Міне, қалғандарын тауып қойдық. Полицейлер алып кетуі тиіс", - дейді Владимир Макеев.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"