Қарағандыда футбол қақпасы 7 жасар баланың аяғына құлады
Қарағандыда үй ауласындағы алаңда темір футбол қақпасы құлап, жеті жасар баланы басып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қақпа ұлымның аяғына құлады. Ал егер жақынырақ тұрса, қақпа оның басына құлап кетер еді! Қақпа өте ауыр", – дейді зардап шеккен баланың анасы.
Қарағанды қаласының әкімдігі мердігер ұйымдардың балалар алаңындағы тексеруді бастағанын хабарлады.
Оқиға орын алған футбол алаңы 2020 жылы аула аумағын абаттандыру кезінде жабдықталды.
"2022 жылы мердігерлер футбол алаңдарына футбол қақпаларын орнату, қосымша күшейту жұмыстарын жүргізді. Алайда сыртқы әсерден бұл бекітпелер кей жерлерде жарамсыз болып қалды. Көктемгі-жазғы кезеңнің басталуымен қайта жөндеу жұмыстары басталды", – деді әкімдік.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады