Қарағандыда ер адам кәсіпорын басшысына оқ атты
Қарағандыда ер адам ЖШС директорына тапаншадан оқ атты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 27 қазан күні болған. Қарағанды қаласының полиция басқармасына сауда кәсіпорындарының бірінде қарулы жанжал болғаны жайлы хабар түсті. Оқиға орнына полицейлер аттанды.
Анықталғандай, кәсіпорында 30 жастағы ЖШС директоры әлдебіреумен сөзге келіп қалған. Жанжал кезінде ер адам травматикалық "Оса" тапаншасынан басшыға оқ атқан. Жаралы кәсіпкер медициналық мекемеге жеткізілді. Бірақ ауруханаға жатқызылған жоқ.
"Полиция ізін суытпай 29 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті кінәсін мойындады. Травматикалық тапанша тәркіленді", – деп мәлімдеді полициядағылар.
Қылмыстық кодекстің 287-бабы "Қаруды заңсыз сақтау немесе алып жүру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ