Қарағандыда ер адам бұрынғы әйелін ұрып-соғып, бір жарым жасар қызын ұрлап кеткен
Қарағандыда ер адам бұрынғы әйелін ұрып-соғып, бір жасар қызын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға бүгін, 13 қыркүйекте, орын алған.
Полиция мәліметінше, қаланың 23 жастағы тұрғыны бұрынғы күйеуімен ұрысып қалып, оның ұрып-соққанын хабарлаған. Артынша 26 жастағы ер адам бір жарым жасар қызын белгісіз бағытқа алып кетіпті.
Абырой болғанда, полиция қызметкерлері шұғыл іздестіру шараларының барысында сәбиді тапты. Қазіргі уақытта ол анасының жанында.
Аталған оқиғаға қатысты ҚР ҚК 125-бабына (Адам ұрлау) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта полицейлер күдіктіні тұтқындау бойынша шаралар жүргізуде. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды