AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда бір жыл бұрын жоғалып кеткен 27 жастағы жігіттің сүйегі табылды

Қарағандыда бір жылдан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен Қасымхан Жұмашев өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Rina.kz еріктілер қозғалысына сілтеме жасап. 

Қасымхан Жұмашев. Фото: ekaraganda.kz

Полиция мәйіттің жанында өткен жылдың 26 тамызында жоғалып кеткен Қасымхан Жұмашевтің құжаттары болғанын хабарлады.

27 жастағы жігіт 2020 жылдың 26 тамызында хабар-ошарсыз кеткен. Қасымхан ҚарМТУ магистратурасына емтихан тапсыруды жоспарлап жүрген. Туыстарының айтуынша, ол бұған ұзақ уақыт дайындалып, сынақтан өткен. Бірақ түсте анасына қоңырау шалып, кешке үйге келмейтінін, досының үйінде қонақ болатынын айтқан. Бұдан соң телефонын өшіріп тастаған. Содан бері оны ешкім көрмепті.

Қасымханның туыстары жігіттің бұрын ешқашан жоғалмағанын және ұзақ уақыт байланыспай жүрмейтінін айтады. Жергілікті кинотеатрлардың бірінде бармен болып жұмыс істеген азамат туралы әріптестері жұмыс өтілінің аздығына қарамастан оң пікірде екендерін жеткізген. 

Медициналық сараптама адам өлімінің себебін анықтайды. Оның ішінде кісі өлтіру, өзін-өзі өлтіру немесе басқа себептен қайтыс болғаны анықталады. Соған сәйкес тиісті қылмыстық бап бойынша іс қозғалады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр