Қарағандыда балалардың жаппай улануы: Комиссия бірнеше олқылықты анықтады
Қарағандыдағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы тексеру қорытындылары жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Patriot Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағанды облыстық әкімінің орынбасары Ермек Алпысовтың төрағалығымен комиссия балалардың тұру жағдайларын, төсек-орындары, медициналық көмек көрсету сапасы, өрт қауіпсіздігі және ас блогын тексерді.
"Комиссия құрамында болған санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері ас блогындағы заңбұзушылықтарды анықтады. Онда жәндіктер табылды. Сонымен қатар ауыз су жуынатын бөлмеде болды. Бұл санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік ережелеріне қайшы келеді", – деді комиссия мүшесі.
Өрт қауіпсіздігінің бұзылғаны анықталды. Кейбір сымдар оқшауланбаған. Розеткалар қауіпті жерлерде болды.
Сонымен қатар комиссия балаларға арналған төсек-орынның дұрыс бөлінбегенін анықтады.
"Балаларды бірдей көлемде киім және төсек жабдықтарымен қамтамасыз ету нормасы бар. Денсаулығына байланысты жүрмейтін балаға арналған іш киім беру нормасы басқаша болады. Мұндай баланың төсек-орнын, жастық қаптарын жиі ауыстыру керек. Оған етік, аяқ киім қажет емес. Сондықтан комиссия бұл мәселені бейінді министрліктің алдына қою туралы шешім қабылдады", – деді комиссия мүшесі.
Еске салайық, 30 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар жаппай уланып, оның біреуі көз жұмған еді.
2026 жылдан бастап доллар бағасы мен инфляция қалай өзгереді – Экономистер болжам жасады