Қарағандыда алаяқ біреудің құжатын пайдаланып алты несие алған
Қарағандыда алаяқ біреудің құжатын пайдаланып алты несие рәсімдеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды қаласы ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 37 жастағы ер адам арызданған. Арызданушы белгісіз біреу оның жеке куәлігін ұрлап кеткенін айтқан. Осы құжатты пайдалана отырып, қаладағы түрлі микронесие ұйымдарында алаяқ алты несие рәсімдеп үлгерген. Келтірілген шығын мөлшері анықталып жатыр.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті 35 жастағы ер адамды ұсталды. Ол қылмысын мойындады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар