Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда 9-қабаттан секірмек болған қызды құтқарған полицейлерге 500 мың теңгеден табысталды

Қарағанды облыстық полиция департаментінің басшысы Ерлан Файзуллин 9-қабаттан секіріп кетпек болған қызды құтқарған полицейлерге 500 мың теңгеден сыйақы табыстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қарағандыда 9-қабаттан секірмек болған қызды құтқарған полицейлерге 500 мың теңгеден табысталды

«Сіздердің жасаған әрекеттеріңіз тек Қарағанды қаласының емес, бүкіл мемлекет тұрғындарының ерекше назары мен алғысына лайықты. Біз кәсіби қызметімізге байланысты күнделікті түрлі жағымсыз жағдайларды ұшыратып жатамыз. Алайда бұл ерлік, сондықтан сіздермен мақтануға құқылымыз. 

Сіздер санаулы секундтардың ішінде жалғыз дұрыс шешімді қабылдап, қыздың өмірін құтқардыңыздар. Ерліктеріңіз үшін үлкен алғыс білдіремі!» - деді Ерлан Файзуллин.

Қарағандыда 9-қабаттан секірмек болған қызды құтқарған полицейлерге 500 мың теңгеден табысталды

Бекзат Омашев пен Ерасыл Мұраттың батыл қадамының нәтижесінде адам өмірі құтқарылды. Полицейлер қызметтік борышын атқару барысындағы және адам өмірін құтқарудағы ерлігі, батылдығы үшін үкімет сыйлығына ұсынылды. 

Қарағандыда 9-қабаттан секірмек болған қызды құтқарған полицейлерге 500 мың теңгеден табысталды

Еске сала кетсек, Қарағандыда полицейлер биіктен секіріп кетпек болған қызды құтқарып қалған еді. Ол отбасындағы жанжал үшін суицид жасамақ болған. Полицейлер қызды құтқару үшін өз өмірін қатерге тікті. 

Артынша ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полицейлерді марапаттады.

Талқылау