Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Анам екеуіміз оған ату жазасын қалап едік": Қарағандыда 3 жасар баланы өлтірген жігіт сотталды

Қарағанды ​​облысында үш жасар баланы өлтірді деп айыпталған Игентай Сопыжановқа үкім шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Сот үкімі Қарағанды ​​облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтті. 

Қарағанды облысында үш жастағы баланы анасының қолынан тартып алып, өлтіріп, далаға тастап кеткен қылмыскерге қатысты үкім шықты.  Қаскөй осыдан бес жыл бұрын жапа шеккен отбасының бір мүшесін балтамен шауып өлтірген. Ол тоғыз жылға сотталғанымен, 2019 жылдың ақпан айында мерзімінен бұрын түрмеден босап шығыпты.

2019 жылдың 26 тамызы күні Қарағанды облысы Бұрма ауылында үш жастағы баланы анасының қолынан тартып алып, оған полицияға өтініш білдірмей, керісінше кездесуді талап еткен. Алайда баласына алаңдаған Васильева бірден тәртіп қызметіне хабарласқан. Осы кезде баланың қолында болған ұялы телефоннан Сопыжанов хабарласып, «қаңырап тұрған ғимаратқа келуін бұйырған. Есесіне баланы жіберетінін айтқан. Кездесу орынына Валильеваның орынына жергілікті полиция инспекторы келе жатқанын көрген қылмыскер бірден тығылып үлгерген.

Кешкілік Сопыжанов келіншектің ұялы телефонына тағы хабарласып, ауылдан 800 метр қашықтықтағы жалғыз келуін тапсырады. Қыздың өміріна араша түскен анасымен, полиция қызметкері Васильеваны жібермей, инспектор –Құсаинов өзі кездесуге барған. Бірақ тығылып тұрған Сопыжановты таппай кері қайтқан. Ашуға булыққан Игентай Сопыжанов үш жасар Максимді кеуде тұсынан теуіп құлатқан. Артынан қылқындыра бастаған. Кейін қолына түскен таспен маңдайынан ұрған. Осылай жауыздықпен өлтіріп, шөппен көміп кеткен. Үш күн өткеннен соң полицейлер мен бірге еріктілерден құралған 100 аса адам іздеп баланың мәйітін тапқан. 

Бүгін кәмелетке толмаған баланы жауыздықпен өлтірген қылмыскерге қатысты Қарағанды облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша соттың алқасы үкім шығарды. Сот Игентай Сопыжановты өмір бойғы бас бостағынан айыру жасасын тағайындады. Сонымен қатар, марқұмның анасы Ника Васильеваға моралдық өтемақы ретінде 5 млн теңге және 468 мың теңге көлемінде сараптама қызметі үшін төленген қаражатты қылмыскердің мойнына ілді.

«Сот үкімі алқа мүшелерінің бірауыздан шыққан жазасымен кесілді» -дейді төрағалық еткен Исламхан Есенбаев. 

Ал, жәбірленуші Ника Васильва соттық шешеміне қанағаттанғанын мәлімдеді.

«Біз анам екеуіміз оған ату жазасын қалап едік. Бірақ ол өте жеңіл жаза болар еді. Сондықтан мемлекеттің есебінен ішіп-жемесін деп моральдық өтемақыны талап еттік. Енді үкіммен кесілген қаражаттың барлығын өтесін», - деді жәбірленуші.

Еске салсақ, 5 қыркүйекте Қарағанды ​​облысы, Шет ауданы, Бұрма ауылында үш жасар бала ұрланған болатын. Оны анасының қолынан 23 жасар ер адам алып қашып кетіп, кейіннен көзін жойған

Бұған дейін Қарағанды облысында үш жасар баланы өлтірді деп айыпталған ер азамат өзіне көрсетіліп жатқан қысым жайлы айтқаны жарияланған еді.

Талқылау