Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысындағы шахтадағы апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бас прокуратура Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы жарылыстан кейін қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

шахта

Қазіргі уақытта арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, оның құрамына құқық қорғау органдарының неғұрлым тәжірибелі қызметкерлері мен ТЖМ мамандары енгізілді.

“Өткен түнде Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтадағы өрт фактісі бойынша тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (Қылмыстық Кодекстің 277-бабының 3-бөлігі)”, – делінген Бас прокуратура мәліметінде. 

Жергілікті жерде тергеу жұмысын бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев пен ІІМ Министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев үйлестіреді. 

Еске салайық, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке "АрселорМитталТеміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырған еді. 

Талқылау