Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды ​​облысындағы Ленин атындағы шахтада өрт шықты

Ленин атындағы шахтада кеншілер эвакуацияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ortcom.kz

“Қармет” компаниясы Автоматты датчиктермен желдету жүйелерін тексеру бойынша жоспарлы жұмыстардың нәтижесінде орталық конвейердің D6 еңісі, горизонт 170 м, 54-пикет аймағында көмірқышқыл газы деңгейінің жоғарылағанын хабарлады.  

Жөндеу жұмыстарына тартылған кеншілер бригадасы эвакуацияланды. 70 ауысымдық адам жер бетіне шығарылды.

"Қармет басшылығы, кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің бригадалары және облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы оқиға орнында жұмыс істеп жатқанын хабарлаймыз. Төтенше жағдайдың алдын ала себебі – шахтаның желдету жүйесінің жабдықтарын сынау кезінде көмірқышқыл газының жоғарылауы. Еске сала кетейік, бұл жұмыс Ленин атындағы шахтада 2017 жылдан бері жүргізілмеген", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ компания бұл сынақтар компанияның жаңа саясатына сәйкес қауіпсіздік жүйелері мен кеншілердің еңбек жағдайларын тексеру бойынша ауқымды жұмыстардың бір бөлігі екенін хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін "Қармет" шахталарындағы күзетшілердің бәрі екі ай бойы жалақы алмағанын айтып шағымданғаны туралы жазған едік. Қызметкерлер тіпті қараша айынан бастап МӘМС, зейнетақы жарналарына қаражат аударылмағанын жеткізіп, наразылық танытты. 

Еске салайық, Қазақстандық Qazaqstan Steel Group (QSG) компаниясы бұрынғы ArcelorMittalTemirtau кәсіпорындарының инвесторы атанды

Компанияның акционері – қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев. Кәсіпорын атауы QARMET деп өзгертіледі. Биліктің ресми ақпараты бойынша, АМТ Қазақстандағы нысандарды 286 миллион долларға сатқан.

Талқылау