Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы аударылып қалды

Қарағанды облысындағы Гүлшат кентінің маңында жолаушылары бар рейстік автобус аударылып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жол-көлік оқиғасы 13 желтоқсанда сағат 12:45-те Алматы-Екатеринбург автожолында орын алды. Mercedes маркалы автобус салонында 11 жолаушы мен бір жүргізуші болған.

"Оқиға орнына Қарағанды облысы ТЖД "Балқаш" трассалық медициналық-құтқару пунктінен төрт адам мен бір бірлік техника көмекке барды. Зардап шеккен алты адам Балқаш қаласының ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Stan.kz
Дүйсенбі, 14 Желтоқсан, 2020 07:44