Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты
3 мамыр күні Қарағанды-Балқаш тас жолында, Ақсу Аюлы кентіне жетпей "Рено" жүк көлігімен "Тойота" автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Жол-көлік оқиғасының салдарынан "Тойота" автокөлігінің жүргізушісі және оның 4 жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді", – делінген қалалық полиция департаментінің хабарламасында.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері кезінде оқиғаның мән-жайы және жол-көлік оқиғасына кінәлі анықталады.
Қарағанды облыстық полиция департаменті жүргізушілерден, жылдамдықты шектен тыс асырмауды және жол жүру ережесін қатаң сақтауды сұрайды.
Еске салайық, 4 наурызда Самара-Шымкент тасжолында Маржанбұлақ ауылына жақын маңда жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан 8 шетелдік көз жұмды.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін