Қарағанды облысында үй өртеніп, төрт бала қаза тапты
Қарағанды облысы Қасым Аманжолов ауылында жеке үйде өрт шығып, балалар қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: stroiteh-msk.ru
Балалар ата-анасының қарауынсыз қалған. Өрт кезінде олар көршілерінің үйінде болған. Полиция балалардың қанша уақыт ата-ана қараусыз жүргенін және өрттің шығу себебін анықтауда.
Өртті сөндіргеннен кейін төрт, үш, екі жастағы ұлдар мен жас шамасы белгісіз қыздың мәйіті табылды.
Айта кетейік, бұған дейін Павлодарда иесіз тұрған баспана өртеніп, үйіндінің арасынан бір адамның мәйіті табылғаны туралы жазған едік.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған