Павлодарда иесіз тұрған үй өртеніп, ішінен бір адамның мәйіті табылды
Павлодарда иесіз тұрған баспана өртеніп, үйіндінің арасынан бір адамның мәйіті табылды.
Фото: Павлодар облысы ТЖД
Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өртті сөндіруге 16 адам мен 4 техника жұмылдырылған.
"15 ақпан күні сағат 12.48-де Павлодар қаласында 2-өткел мекенжайы бойынша жеке үйдің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Үй иесіз тұрған. Өрт сөндірушілер жедел жетіп, бірден жалынды ауыздықтауға кірісті. Өрттің жалпы ауданы – 30 шаршы метр. Оқиға орнынан 1985 жылы туған ер адамның мүрдесі табылды", – делінген хабарламада.
Өрт сағат 14.44-те толықтай сөндірілді. Арнайы органдар үй ішінен табылған ер адамның кім екенін анықтап, өлім себебін тексеріп жатыр.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған