Қарағанды облысында үш жасар баланы ұрлап, өлтірген: Күдікті тұтқындалды
Қарағанды облысында 3 жасар бүлдіршінді ұрлап, өлтірді деп күдіктелген ер адам ұсталды. Бұл туралы ақпарат Instagram желісіндегі Karaganda.city парақшасында пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Еріктілердің мәліметінше, ер адам Қарағандыдағы қалалық вокзалда тұтқындалған.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағанды облысында 5 қыркүйек күні дүкеннің жанында бір ер адам 22 жастағы танысына жүгіріп келіп, үш жасар баланы қолынан тартып алып, содан кейін хабарсыз кеткен. Артынша ұрланған бала өлі күйінде табылған еді.
Оқиғадан кейін баланы өлтірген күдіктіге республикалық іздеу жарияланған-ды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”