Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында тұрғын 40 миллиард теңгеге жалған шот-фактура жазды деген күдікпен ұсталды

Қарағанды облысының тұрғыны жұмыстарды нақты орындамай, жалған шот-фактураларды жаздыртқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қаржы мониторингі агенттігі аумақтық департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Олар сатып алушы контрагенттермен үш жақты шарт жасасып, микроқаржы ұйымдарда алынған жалған займдарды пайдаланған. Контрагент бақылауындағы ЖШС-ге емес, МҚҰ-на қарызды өтеу түрінде төлем жүргізген.

Соның арқасында олар қарыз беру шарттары негізінде қолма-қол ақша алып, оларды жеке тұлғаларға беру арқылы жалпы сомадан 2-6%-ға дейін материалдық пайда тапты.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін сатып алушы контрагенттері бар 9 компания бойынша жалпы айналым 40 млрд теңгеден асты. Тергеу барысында жалған шот-фактураларды жазып беруге байланысты қылмыстық әрекетті Қарағанды облысының тұрғыны ұйымдастырғаны анықталды. Ол бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген. Тергеу жалғасуда.

 

Қырмызы Скендирова
Жұма, 26 Қаңтар, 2024 12:42
Талқылау