Қарағанды облысында тас жолда бірден жеті көлік соқтығысты
Қарағанды облысындағы тас жолда бірден жеті көлік соқтығысты. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 2 қаңтар күні сағат 13:20 шамасында "Алматы-Екатеринбург" тас жолының 1353-1425 шақырымында 7 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған.
Зардап шеккендер жоқ екені айтылады.
- Елімізде республикалық маңызы бар тас жолдардың 20-ға жуық учаскесінде көлік қозғалысы шектелді
- Қазақстанда ауа райының қолайсыздығынан кейін қандай жолдар ашылғаны хабарланды
“Аталған автокөліктер Астанадан Қарағанды облысына қарай жолды жаппай тұрып өтіп кеткен. Ошағанды кентінің маңында жолдың көрінбеу салдарынан алда келе жатқан көліктер бір-бірімен соқтығысқан”, – дейді Қарағанды облысы полиция департаменті Патрульдік полиция батальонының командирі Бекзат Сәулембаев.
Полиция департаменті көлік жүргізушілерден алыс жолға шықпауларын сұрайды.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"