Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш жасар баланы өлтірген азамат сот отырысы кезінде тамағын кесіп жіберді

Қарағанды облысында сотталушы азамат сот отырысы кезінде өзінің тамағын кесіп жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысында сотталушы сот отырысы кезінде тамағын кесіп жіберді

Оқиға Шет ауданына қарасты Бұрма ауылында үш жасар баланы ұрлап кетіп, оның азаптап өлтірген азаматқа қатысты сот ісі кезінде орын алған. 

Судья тарапынан айтылған тыйымға қарамастан сотталушы Игентай Сопыжанов журналистерге .ндеу жариялапты. 

"Егер маған бірнәрсе болатын болса, ІІД-нің тергеушісі Сейдалиннен көріңіздер. Мен өліп қалсам, сол кісі кінәлі болсын", - депті күдікті. 

Осы сөздерді айтқаннан соң ол тамағын әлдебір затпен бірнеше рет тіліп-тіліп жібереді. Оның бұл әрекетін бақылап отырған тәртіп сақшылары күдіктінің қолын бұрап, сот залынан шығарып алып кетеді. 

Анық болғандай, Игентай Сопыжанов осымен екінші рет өзіне қол салмақшы болыпты. Бірінші сот отырысында да ол ұтсраның жүзін жасырып алып келіп, үкімнің шығарылуына кедергі болыпты. Десек те сақшылар оны киімін тексеріп бірнешеуін алып қалған. Оның жарақаттары ауыр емес көрінеді, бірінші жолы да сотталушы өзін қатты жарақаттамапты. Жедел жәрдем қызметкерлері оның жарақаттарын таңып ергеннен кейін, Сопыжанов қайтадан абақтыға қамалған. Ал екінші сот отырысында тамағын тіліп жіберген зат табылмапты. 

Бұған дейін Қарағанды облысында үш жасар баланы өлтірді деп айыпталған ер азамат өзіне көрсетіліп жатқан қысым жайлы айтқаны жарияланған еді.

Талқылау