Қарағанды облысында полиция ұрланған "қалыңдықты" құтқарды
Қостанай облысы Саран қаласында полиция қызметкерлері 18 жастағы қызды ұрлаудың алдын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz ақпараты бойынша, оқиға 9 тамыз, жексенбі күні болған. Полицияға қала маңындағы елді мекендердің бірінде 14-ке жуық белгісіз азамат 18 жастағы қызды еркінен тыс көлікке сүйреп кіргізіп, белгісіз бағытқа кеткені туралы хабар келіп түсті.
Ұрлаушының көлігіне іздеу жарияланды және көп ұзамай ұсталды. "Қалыңдықты" ұрлаушысы 23 жастағы жігіт болып шықты. Қыз ұсыныстан бас тартқан соң, оны күштеп әкетуге шешім қабылдаған.
Енді оған қатысты ҚР ҚК-нің 126-бабы "бас бостандығынан заңсыз айыру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі