Қарағанды облысында науқасқа көмек көрсетуге мас жедел жәрдем қызметкерлері келген (видео)
Қарағанды облысының Абай қаласының тұрғыны шақыртуға келген мас жедел жәрдем қызметкерін видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде жергілікті тұрғынның мас жедел жәрдем қызметкерлерін түсіріп алған видеосы таралуда. Сөзінше, медицина қызметкерлері ішімдікке сылқия тойып алғаны соншалық, тіпті, дұрыс сөйлей алмапты.
Десек те дәрігерлер өздерінің мастығын мойындамаған көрінеді. Осыған байланысты әйел екінші рет жедел жәрдем шақыртуға мәжбүр болған.
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты растап отыр. Басқарма өкілдері бейнежазбадағы қызметкерлердің жұмыстан қуылғандығын алға тартты.
Атап кетерлік жайт, бейнежазба әлеуметтік желіде таралғаннан кейін кейбір адамдар видеодағы қызметкерді жақтай жөнелген.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда