Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында халық Жанар Хамитованы ақтық сапарға шығарып салып жатыр (фото, видео)

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында әнші Жанар Хамитовамен қоштасу рәсімі өтіп жатыр. Марқұмды ақтық сапарға шығарып салуға туыстары мен достары, сондай-ақ, өнердегі танымал жұлдыздар келді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Жанар Хамитованың туыстарының айтуынша, сол күні анасы үйге тамақ қойып кеткен. Кейін әнші әкесіне өтініш айтқан. 

«Осы кезде Жанар үйде қалған. Әкесінен еден жуамын деп шелекпен су әкеліп беруді сұраған. Осылайша әкесі су әкелу үшін бау-бақшаға қарай шығып кеткен. Сол сәтте әнші үйде сымға асылып қалған. Жанармен қоштасуға келгендердің арасында өнердегі әріптестері Ринат Малсақов, Меруерт Түсіпбаева, Абу Кай және т.б. әріптестері болды», - деді туыстары Stan.kz тілшісіне.  

Әншіні ақтық сапарға шығарып салуға келген дос-жарандарының арасында Жанарды соңғы уақытта қасына алып, бірге жұмыс істеген Сиви Махмұди де бар. Ол жуырда жол апатына түсіп, аман қалған еді. Соған қарамастан алыс жол жүріп келген. Алайда ол журналистерге қандай да бір пікір білдіруден бас тартты. 

«Жанар менен кешірім сұрады» деген Нұржан Керменбаев қоштасу рәсімінде бой көрсетпеді. 

Тағы оқыңыз >>> "Тағдырдың сынағы болар. Еш өкпем жоқ..." Жанар Хамитованың өмірі 

Естеріңізге сала кетсек, әнші Жанар Хамитова қыркүйек айының 16-жұлдызында көз жұмды. Кейін ҚР ІІМ мен полиция әнші өлімінің мән-жайы анықталып жатқанын айтты.

Жерлеу рәсімінде бой көрсетпеген Нұржан Керменбаев өзінен марқұм әріптесінің кешірім сұрағанын айтып, бұдан былай отбасына тиіспеуін өтінді. Әріптестері де әншінің қолдауға зәру жан болғанын айтты. Осы уақытқа дейін отандық арналарға берген сұхбатында әнші ашық түрде 30 жасқа дейін 20 рет өзіне қол салмақ болғанын айтып еді. 

Талқылау