Біреуі 68 мың теңге: Қарағанды облысында дәрігерлерге қымбат бетперде сатып алған
Қарағанды облысында пандемия кезінде реаниматолог дәрігерлерге қымбат медициналық бетперде сатып алып берген. Бетперденің бір данасы 68 мың теңге тұрады. Жалпы алғанда, оларға бюджеттен 13 миллион теңге жұмсалған. Облыстың денсаулық сақтау басқармасы бетперденің мықты екенін алға тартты: кең әйнегі бар және ауыстырылатын көмір сүзгісімен жабдықталған. Сонымен қатар, билік бетпердені әлдеқайда арзан сатып алуға болатынын мойындаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Бірақ коронавирус өршіп тұрғанда басқа бағалар болған жоқ, дейді басқармада.
Ержан Нұрлыбаев, Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
"Көп реттік бетперде. Содан кейін қайта өңделетін болады. Біз бұл шығындарға реаниматолог дәрігерлеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бардық. Мәселе жедел түрде шешілді, көктем-жаз айларында сатып алдық, бірінші толқын кезінде жүргізілді. Қазір кейбір сарапшылар қолданыстағы тауарлардың бағаларын көктем-жаздағы бағалармен салыстырады. Бұл дұрыс емес", - дейді ол.
Айтуынша, дәрігерлер бетперделерді тағып жүр. Бұл ретте шенеунік жақын арада қорғау құралдарын жаңадан сатып алу қажет болатынын айтады. Себебі қорғаныш құралдары қазірдің өзінде тозған.
Салық пен айыппұл өсіп, қымбатшылық басталады: 2026 жылдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
70 жастағы зейнеткердің зейнетақысы 2025 жылы 171 588 теңге болса, 2026 жылдан бастап ол 192 816 теңгеге дейін көтеріледі
2026 жылы қоғамдық тамақтану орындарында баға қалай өзгермек
Бізге дәмханалар жауап берді