Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында балаларды ұрған тәрбиеші жұмыстан қуылды

Абай қаласында "Әдемі" жекеменшік балабақшасының тәрбиешісі бүлдіршіндерді желкесінен ұрғаны үшін жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Қарағанды облысы білім басқармасы мәлімдеді. 

Тәрбиешінің балаларға қол жұмсаған сәті видеоға түсіп қалған. Облыстық білім басқармасы бейнеролик әлеуметтік желіде тарағаннан кейін жағдайды бақылауға алып, тексеріс жүргізді.

"Барлық кінәлі тұлға жауапқа тартылады. Камераға түсіп қалған тәрбиеші жұмыстан шығарылды", – деп мәлімдеді басқармадағылар.

Айта кетері, әлеуметтік желіде тараған видеоға алғаш болып қарағандылық полицейлер назар аударған.

Абай қаласының полициясы 20 жастағы күдіктіні анықтаған. Ол өз кінәсін мойындады.

"Бұл факті Қылмыстық кодекстің 140-бабында (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) көзделген қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша тіркелді", – деп жазды Polisia.kz.

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Талқылау