"Қарағанды облысында 8 жастағы баланы зорлап, камераға түсірген": Полиция түсініктеме берді
"Не молчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі өзінің Facebook парақшасында балаларды зорлауға қатысты жазба жариялады. Ол "Қарағанды облысында 8 жасар баланы төртінші сынып оқушылары зорлап, камераға түсіріп алған" деп жазды. Аймақ полициясы бұл жазбаға түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бүгін Қарағанды облысынан 4-сынып балалары зорланған 8 жасар баланың ата-анасынан кезекті хабарлама келіп түсті! Камераға түсіріп, порнографияны көруге мәжбүрлеген, басқа балалардың, соның ішінде қыздардың көзінше жыныстық қатынасқа мәжбүр болды! Бұл соңғы 10 күндегі үшінші осындай мәлімдеме!", - деп жазады Тансари.
Полиция ақпаратты тексеріп, сараптама тағайындады.
"Әлеуметтік желілер мен ақпараттық агенттіктерде "8 жасар баланы 4-сынып балалары зорлады және камераға түсірді..." деген ақпарат таратылуда, бұл ақпарат полицияда тіркелген. Барлық тұлғалар заңды өкілдерінің қатысуымен анықталып, жауап алынды.
- Түркістан облысы тұрғыны халатының бауына асылып қалған: Туыстары азапты өлімге күйеуін кінәлайды
- "9-сыныпта оқитын қыз өзінің әкесінен бала босанды". Шымкенттегі оқиғаға қатысты жаңа деректер белгілі болды
- Талдықорғанда келінін есінен танғанша ұрған енесі сотта тек ескертумен құтылып кетті
Жәбірленуші тарап дене жарақаты мен зорлық-зомбылық фактісін жоққа шығарады. Кәмелетке толмағандарға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тиісті сараптамалар жүргізілгеннен кейін түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Дина Таңсәрі балаларды қорлаудың тағы екі фактісі туралы жазады.
"Шымкентте 12 жасар бала 4-8 жас аралығындағы бес баланы екі ай бойы зорлаған! Түркістанда 15 жастағы үш жасөспірім интернатта 14 жасар баланы зорлады!"- делінген "Не молчи" қорының басшысының жазбасында.
Бұл ақпаратты Шымкент және Түркістан полиция департаменттері әлі түсіндірген жоқ.

"Алдағы 10 жылда мұнай қоры таусылады": Сарапшылар "қара алтынсыз" Қазақстанның болашағы қандай боларын болжады
