Қарағанды облысы полиция департаменті қызметкеріне іздеу жарияланды
Қарағанды облысы полиция департаменті тергеу бөлімінің бұрынғы бастығы Рустам Күлкеевке ұрлық жасады және қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Рустам Күлкеев 2021 жылы жасалған қылмысқа күдікті ретінде танылған. Сол жылы облыстық полиция департаменінің тергеу басқармасын басқарған. Қызметтік лауазамын пайдаланып қылмыстық істе айғақтар ретінде алынған майнинг құрылғылаын қолды қылған. Оған басқарманың тағы бір тергеушісі көмектескен.
Екеуі де қазір тергеуге алынды. Күлкеев соңғы жұмыс орны Саран қаласы полиция бөлімі бастығы қызметінен екі ай бұрын босатылған. Бірақ айғақтарды қолды қылу ісінде күдікті ретінде тергеу әрекеттерін жүргізуге келмей қалған. Үйінде де жоқ екен. Жақын арада төбе көрсетпесе, оған халықаралық іздеу жарияланатын болады.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді