Қазақстанда "Спутник V" вакцинасының өндірісі тоқтады
Қарағандыдағы фармацевтикалық зауыт ресейлік "Спутник V" вакцинасының өндірісін тоқтатты. Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның 4 миллион дозасы бар. Оның 1,8 миллионы қытайлық Sinopharm, 1,5 миллион дозасы Pfizer және 800 мыңы QazVac вакцинасы екен.
"Бұл вакциналау және қайта вакциналау үшін жеткілікті. Сондықтан қосымша вакцина сатып алынбайды. Біз вакциналардың қолданылуына қараймыз. "Спутник V" вакцинасын алуды жоспарлап отырған жоқ. Қазір Қарағанды фармзауыты вакцина өндіруге дейін шығарған дәрілерді дайындайды. Вакциналар Қарағанды фармацевтикалық зауытында өндірілмейді", – деді ол.
Айжан Есмағамбетова вакцинаның қазіргі қоры қазан айына жететінін айтып өтті. Кейін денсаулық сақтау министрлігі тұрғындарды тегін вакциналау үшін шетелдік вакцинаның сатып алмайды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"