Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қара теңіз үстінде ресейлік әскери ұшақ америкалық ұшқышсыз аппаратқа соғылды

Ресейлік әскери Су-27 жойғыш ұшағы АҚШ қарулы күштерінің ұшқышсыз аппаратына соғылды. Салдарынан дрон Қара теңізге құлаған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

дрон

Оқиға 14 наурызда орын алды. MQ-9 Reaper дроны Қара теңіз үстінде ұшып жүрген, ал жанында екі Су-27 ұшақтары болған. Алайда ресейлік ұшақтардың бірі "дронның алдынан қасақана ұшып" өткенде, ұшқышсыз аппараттың пропеллері зақымдалған. Салдарынан дрон Қара теңізге құлады. 

Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше ұшқышсыз аппарат кенеттен маневр жасағандықтан, құлап кеткен. Ал ресейлік ұшақтар дронға тиіспеген. 

Ресей мен АҚШ ұшақтары Украинадағы қақтығыс басталған соң Қара теңіз үстімен ұша бастаған. Алайда дәл осындай жағдай алғаш рет орын алған. 

АҚШ Reaper аппараттарын Қара теңіз аумағын бақылау үшін қолданады. Америка қарулы күштерінің мәліметінше, дрон 15 шақырым биіктікте ұша алады және ұзақ уақыт бойы барлау жүргізіп, ақпарат жинау үшін қажеті құралдармен қамтылған. 

Талқылау