"Қара нәсілділер суретін сүйіп жатыр": Африкалықтар Өскемен қаласының әкімінен кешірім сұрады (видео)
Желіде Өскемен қаласының әкіміне қатысты даулы видео жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Желіде жарияланған видеода тоғыз қара нәсілді ер адам Жақсылық Омардың ең жақсы әкім екенін айтып ән салады. Артынша олардың бірі әкімнің суретін сүйіп, құрмет тұтады.
Әкімшіліктегілер видео авторын таба алмағандарын айтады. Шенеуніктер оны қалалық аккаунттардың бірінің иесі жариялады деп күдіктенеді. Оған қоса, кез келген адам мұндай бейнеге тапсырыс бере алатынын алға тартты. Мұндай құттықтаудың бағасы – 21 мың теңге.
Ал кешке қарай оқиға жалғасын тапты. Жаңа видеода шетелдіктер шенеуніктен кешірім сұрайды.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?