Бетперде таққан жігіт сал ауруымен ауыратын 16 жастағы қыздың арманын орындады (видео)
Қара бетперде киген белгісіз адам тағы бір мұқтаж адамның баспаналы болуына себепші болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айнұр есімді сал ауруымен ауыратын 16 жастағы қыздың арманы орындалып, үйлі болды.
Қыздың айтуынша, ол әжесімен бірге жалдамалы пәтерде тұрады.
"Бүгін менің туған күнім. III топтағы мүгедекпін. Мені анам 3 айлық кезімде тастап кеткен. Әкем болса басқа отбасымен бірге тұрады. Әжем екеуіміз жалдамалы пәтерде тұрамыз", - дейді ол.
Айнұрдың ең үлкен арманы денсаулығын дұрыстап, дизайнер болу.
"Анама ренішім бар. Туған баласын тастап кетуі дұрыс емес деп ойлаймын", - дейді Айнұр.
Қара бетпердедегі жігіт ең алдымен қыздың еміне ақша ұсынып, оған қоса баспана сыйлады.
Мамандар шәйнектегі қақ пен су сапасының байланысын түсіндірді: Шөгінділерге алаңдамауға кеңес берілді
Тау өзендерінен алынған су тұтынушыларға жеткізілгенге дейін 10-15 сағат тазартудан өтеді
"27 рет көзіме шөп салып, бауыздамақ болды": Шымкенттік әйел бастан кешкен сұмдық оқиғасын айтты
Басын кесіп, көшеге тастамақ болған