Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қара кебінге оранып алыпты": Мөлдір Әуелбекова образын сынағандарға жауап берді

Танымал әнші, кәсіпкер, продюсер Мөлдір Әуелбекова қара түсті образ киіп, сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/moldir.auyelbekova/

Әншінің айтуынша, той иелерінің өтініші бойынша, қонақтар қара көйлек киіп барған. 

“Орамал таққалы қап-қара киінуім алғаш рет. Дресс код солай болды. Қатты ұнап тұр! Жараса қалды, иә? Иә, білемін, қазақ қара жамылмаған.
Дәл солай, қазақта тек жесір әйел шаш жайған. Демек бір-бірімізден кемшілік іздейтін болсақ, міндетті түрде табатынымыз анық. Сол себепті, жай ғана әдемі образға лүпіл басып, тілек жазайық. Сүйем сіздерді!”, – деп жазды әнші.



Желі қолданушылары сүйікті әншілерін қолдап жатса, енді бірі қара киім кимеуін өтінген. 

“Орамалға тиісетіндер оқыса екен”, “Қара түс сізге жарасады”, “Қара киім кимеші, қайғы-мұңның түсі”, “Ақыл айтқыштар алдымен ұл-қыздарын тәрбиелеп алсын”, “Қара кебінге оранып алыпты”, – деп жазып жатыр тыңдарман қауым. 

Еске салайық, әнші жаңа үйіне көшіп, қоныс тойын тойлаған еді. 

 

Талқылау